Жармыш ауылы маңында ластанған бұлаққа сиырлар батып өлді. Бұл туралы тұрғын фейсбукке жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, Жармыш ауылының батыс жақ бетінде Барыс деген 3-4км жерде карьер бар. Карьер аумағында бұлақ суы бар. Одан мал су ішеді, әсіресе, ауылдың сиырлары жайылады.
"Бүгін сол жерге сымалама бірдеңе төгілген, оған ауылдың сиырлары батып өлген. Былтыр да осындай жағыдай болған. Карьерге жер беру керек дейтіндерге айтарым, осылай талаптарын сақтамай, басқаға зияндарын тигізеді, сосын қалай келісесін жер беруге", делінген жазбада.
Тұрғын карьер туралы аудан әкімшілігіне бірнеше рет айтқан. Десе де нақты нәтиже көрсетпеген.
Редакция Маңғыстау облысы Экология Департаменті және Маңғыстау ауданының әкімдігінен жауап күтуде.