Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/8 мекемесіне адвокаттар, әділет және нотариаттық палата өкілдері арнайы келді. Олар сотталғандарға заң қызметтерін ұсынып, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында кездесу өткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Бұл шара сотталғандарға олардың құқықтары туралы ақпараттандыру, жеткізу, заңды көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оларға әртүрлі сәттерде, тіпті олардың жаза өтеу мерзіміне қатысты емес ары қарай бағдарлануға көмектеседі. Түрлі сұрақтарға жауап алуларына болады, неке болсын, мүлік болсын, қандай да мәселе бойынша туындаған сұрақтарға арнайы мамандардан кеңестерін ала алады", – дейді мекеме бастығының орынбасары Арман Саржанов.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, бірнеше сағатқа созылды.