Бүгін Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі Алтынбек Қалиев жедел кеңес өткізіп, үш айдың қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Алдымен жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Амир Досқалиев баяндама жасады.
Оның айтуынша, жыл басынан бері пайдалануға тыйым салынған заттарды алып қоюдың 7 фактісі, оның ішінде есірткі құралдарын жеткізудің 1 фактісі және телефондар мен SIM-карталарды өткізудің 6 фактісі анықталды.
Осыған қарамастан, ҚАЖ қызметкерлері түрлі қоғамдық маңызды, спорттық іс-шараларға, әлеуметтік және қайырымдылық акцияларға белсенді қатысып, қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдады.
- Азаматтармен тікелей байланысты орнату мақсатында біз Facebook, Instagram–дағы парақшаларымызда өз қызметіміз туралы айтып, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланамыз, - деді өңірлік ҚАЖД бастығының орынбасары Амир Досқалиев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына ерекше назар аударылды.
Жедел кеңес барысында департамент бастығы Алтынбек Тұрарұлы құрылымдық бөлімшелердің басшысына ІІМ Алқа отырысында қойылған негізгі талаптар мен тапсырмаларды жеткізді. Бірқатар нақты міндетті қойды.