Жергілікті полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен профилактикалық іс-шара азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыруға, жасөспірімдерді полиция жұмысымен таныстыруға және оларды қауіпсіздік шараларына үйретуге бағытталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
11 сәуір басталған акция 15 сәуірге дейін жалғасады. Акция аясында балаларға облыстық полиция департаментінің мұражайына экскурсия жүргізілді. Мұражайда балаларға тәртіп сақшыларының бұрынғы киген формасы көрсетіліп, қызмет кезінде қаза тапқан полицейлердің ерліктері туралы айтылды. Сондай-ақ, Ішкі істер органдарының алдында тұрған негізгі міндеттер түсіндірілді.
- Мұндай акция оқушылардың құқықтық санасын арттырады. Өскелең ұрпақтың полицейлер жұмысына деген құрметін қалыптастырады. Ең бастысы, акция арқылы балаларға жол қозғалысы мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті түсіндіріп, негізгі ережелерді үйрете аламыз, - деді жергілікті полиция басшысы Қалдымұрат Айғарақов мәлімдеді.