Қаңтар-наурыз айында мамандар аудандық маңыздағы жолдарға 3 рет шығып, 59 сынама алды. Бұл туралы «ЖАҰСО» баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Маңғыстау филиалының қызметкерлерінің айтуынша, талдау нәтижесі барлық жол техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті.
«2022 жылға Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандары бойынша тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен келісімшарт жасалды. Солардың негізінде бақылау шаралары жүріп жатыр. Мұндай құжат облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен де жасақталды. Алдағы уақытта облыстық, қалалық маңыздағы трассаларда бақылау рейдтері жалғасады» - дейді сарапшы Мерей Әлиев.
Былтыр Ақтау, Жаңаөзен қаласы, Бейнеуден басқа 4 аудан әкімдігі ұлттық жол сапа орталығымен келісімшартқа отырып, жолдарда бақылау шаралары жасалды. Бұдан бөлек 7 жеке мердігер мекеме өкілдері Маңғыстау филиалына арнайы келіп, әріптестік байланыс орнатқан еді.