Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға үндеу тастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда, сіз әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы жөнінде мәліметтерді қамтитын өтініш бере аласыз. Ол үшін Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына жазбаша өтініш түрінде қалдыра аласыз немесе Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 8 (7292) 319-100 немесе 112 сенім телефонына хабарласа аласыз, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.