© Сурет ашық дереккөзінен алынды
Елде шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚО-лардың жұмысы қайта жанданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 сәуірден бастап Маңғыстау облысында 15 шағынауданда орналасқан ХҚКО сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі - жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады.