Кеше 17 шағынаудан Green Park тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде жол көлік оқиғасы болды. Зардап шеккен 12 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасады. Операция 1 сағат 20 минутқа созылды. Қазіргі таңда зардап шегуші жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, балаға ауыр ашық бас сүйек-ми жарақаты, самай сүйегі бас сүйегінің түбіне өтуімен депрессиялық сынуы диагнозын қойды. Сондай-ақ оң жақ жарты шардың жедел эпидуральды гематомасы, контузия және мидың ауыр ісінуі байқалды. Сонымен қатар, одан үлкен субарахноидальды қан кету және пневмоцефалия дамыды. Травмалық шок, ауыр постгеморрагиялық анемия алған.
Бала бірінші дәрежелі комада.