Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауылын ауыз сумен қамту жұмыстары толықтай аяқталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Ақжігіт-Майлы» су құбырын салу жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды. Жалпы су жүйесінің ұзындығы – 11 шақырым. Бұған дейін 2012 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауылдың жартысына су құбыры жүргізіліп ауыз сумен қамтылған еді.
«Мердігер мекеме «Нұр-Жол Құрылыс» ЖШС өзіне жүктелген міндеттерді толығымын атқарды. Қазіргі таңда құбыр жүйесін су шаруашылығын жүргізетін «ҚазСуШар» РМК-на тапсыру жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті мекеме қабылдап алғаннан кейін су жүйесіне су жіберіледі»,- деді Ақжігіт ауылының әкімі Жандос Салиев.