Оларды полиция қызметкерлері мен волонтерлер іздестіріп жатыр. Жоғалған қыздардың екеуі Жаңаөзеннен, біреуі Ақтаудан, тағы біреуі Бейнеу ауданынан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңаөзендік кәмелет жасқа толмаған Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдас наурыздың 29-і күні үйден шыққан күйі оралмаған. Ал Ақтауда 15 жастағы қыз (қызыл күртеше, қара шалбар, ақ кроссовка киген) 4 сәуір күні тапа тал түсте үйден шығып, кері қайтпаған.
Бейнеу ауданының 26 жастағы тұрғыны Айдана Айтаеваның үйінен шыққанына 9 күн өтті. Іздеу шаралары әлі нәтижесіз.