Маңғыстау құтқарушылары БҚО-да болған төтенше жағдайға байланысты 43 қызметкер, 4 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 6 су соратын мотопомпа жіберді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысының жедел тобы су тасқынының қаупін азайту мақсатында Тасқала кентінің аумағында 2500-ден астам инертті материалы бар 3500-ден астам қап төседі. 6000 текше метрден астам су сорылды, 7 су тасқыны қауіпті учаскелердегі арналарды кептелістерден тазарту жүргізілді. 400 тұрғын үйден және аула алдындағы құрылыстардан еріген суды бұру жүргізілді.
"Қаратөбе ауылы аумағында елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 1200 қап инертті материалдар, 1000 қап төселді. Жедел топ қызметкерлері ауыл тұрғынбарын эвакуациялауға көмек көрсетті. Сондай-ақ перзентханаға жіберілген 20 әйел эвакуацияланды", - дейді Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары подполковник Абдикадыров Бекболат Каирбекұлы.
Кеше 4 500 қап салып, 3 700 қап дайындады. 6 000 текше метр еріген қар суы сорылды. Азаматтық тұрғындарды эвакуациялау бойынша іс-шаралар өткізді.