Шенеуніктер яхта-клубты қамтитын жағалау аймағын абаттандыру жобасын көрсетті. Қазіргі уақытта жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, кейін сараптамаға жіберіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сараптаманы алғаннан кейін жартасты соқпақ жалғасады. Сондай-ақ, әкімдік яхта-клуб аумағы тағы қысқаратынын айтып отыр. Еске сала кетейік, 1996 жылдан бері аумақ екі есеге – бір гектардан 0,47-ге дейін қысқарған.
– Заң бойынша жоба қорғалғанға дейін жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартуға құқығымыз бар. Мүмкін олар осы жоба негізінде жалға беру мерзімін ұзартпайтын да шығар. Айлақтағылар аумақты қысқартуға тура келеді. Сондай-ақ яхта клубы өтуді қамтамасыз етуге міндетті. Егер ол режимдік обьект болса, онда қаланың сыртында болуы керек. Бұл жерді қайтар деп те ешкім айтпайды! Бүгінгі таңда тиісті құқығынсыз пайдаланып отырған жалға алушы туралы жер инспекциясына ұзақ уақыт хат жолдасақ та болар еді, – деп атап өтті қала әкімдігінде.
Яхта клуб Ақтауда қала ма – бұл сұраққа әкімдік біржақты жауап бермеді.
Яхта клубы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңына сәйкес қоршауды және бөгде адамдардың кіруін шектеуді талап ететін нысан.
Еске салайық, жартасты соқпақ ашылғаннан кейін бұзақылардың тәртіпсіздік жасап, нысанды бүлдірген. Тіпті, мүгедектерге арналған ойын алаңын да бұзудан тайынбады. Сондықтан жүргіншілер жолы төселгеннен кейін кемелео мен яхта клубтың мүлкіне не болатыны белгісіз.