Қарақия ауданы Құланды ауылында ескі мектеп ғимараты 150 орындық мәдениет үйі болып қайта құрылымдалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда аталған нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, ақпан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Ғимараттың жалпы ауданы 1072,5 шаршы метрді қамтиды.
Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Гүлмира Қылаубаеваның айтуынша, бірінші қабатта мәдениет үйінің қабылдау бөлмесі, директор кабинеті, кітап сақтау қоймасы, кітап оқу залы, мұражай және ақсақалдар бөлмесі қарастырылған.
- Екінші қабатта сурет үйірмесі кабинеті, оқу сыныбы, домбырашылар сыныбы, актерлік шеберлігін шыңдау бөлмесі, би залы жоспарланған. Ал, төменгі қабатында аула клубының жаттықтыру бөлмесі, жаттығу залы, акт зал, шаруашылық қоймасы болады, -дейді Гүлмира Қылаубаева.