Батыс Қазақстан облысында таеквондодан өткен ҚР чемпионатында Маңғыстау облысы жалпы есепте 2-орын алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарыс 2-3 сәуір күндері өтті. Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент пен Алматы қаласынан барлығы 200-ге жуық спортшы бақ сынады.
«4-9 жас аралығындағы жас таеквондошылар «Oral Open 2022» республикалық турниріне қатысса, 10-13 жастағы спортшылар ҚР чемпионатына қатысты. Маңғыстау құрамасы 32 таеквондошымен барды. Оның ішінде 19 спортшы фестивальге қатысқан. Ал 12 спортшы ел чемпионатында сынға түсті», - деді Маңғыстау облысы таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.
Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша облыс спортшылары жалпы есепте 2-орынға жайғасты. Яғни, 12 алтын, 5 күміс, 13 қола медальді қанжығаға байлады. Айта кетейік, 3 таеквондошы ҚР чемпионы атанды.
Жергілікті спортшыларды жарысқа бас бапкер, Маңғыстау облыстық ғаламдық таеквондо федерациясы президенті Сәттіғұл Абитов дайындаған.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА