Ақтауда алғаш рет ұйымдастырылған чемпионат 31 наурызда басталып, 3 сәуірде аяқталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ел біріншілігінің алғашқы күні Ақтау-Риксос тас жолында ерлер арасында 50 шақырымдық командалық эстафета және 25 шақырымдық әйелдер арасындағы командалық эстафета өтті.
Бірінші күннің нәтижелері.
Ерлер командасынан (50 км) бірінші келгендер: Әлішер Жұмақан, Максим Гридчин, Антон Лаврентьев, Сергей Лущенко.
Екінші орынға Юрий Филатов, Рамис Дінмұхаметов, Дмитрий Потапенко, Егор Стрельников ие болды.
Үшінші орын Даниил Пронский, Александр Семенов, Ильхан Достиев, Алексей Вагановқа берілді.
Әйелдер командасы (25 км):
1 орын – Марина Кузьмина, Елена Мандракова.
2 орын - Ульяна Сухоребрик, Елизавета Гринберг.
3 орын – Анжела Соловьева, Әсем Төлемісова.
Осы бағыттағы трассаның екінші күні ерлер арасында 25 шақырымда, әйелдер арасында 20 шақырымда, сонымен қатар паралимпиадашылар арасында 15 шақырымда жекелей жарыстар өтті.
Екінші күннің қорытындысы бойынша ерлер арасында (25 км):
1-орын – Әлішер Жұмақан.
2-орын – Игорь Чжан.
3-орын – Антон Кузьмин.
Әйелдер арасында (20 км):
1-орын – Марина Кузьмина.
2-орын – Мандракова Елена.
3-орын – Ангела Соловьева.
Ақтау-Жетібай жолында жарыстың үшінші күні ерлер арасында 120 шақырымға, әйелдер арасында 70 шақырымға, әуесқойлар арасында 40 шақырымға топтық жарыстар өтті.
Үшінші күннің нәтижелері.
Ерлер арасында:
1-орын – Даниил Марухин.
2-орын – Иоганн Штайн.
3-орын – Дінмұхамед Ұлысбаев.
Әйелдер арасында:
1-орын – Марина Кузьмина.
2-орын – Ақпейіл Осым.
3-орын – Елизавета Гринберг.
Шара «Ақбота» саябағының асфальт жолының бойында әйелдер арасында 30 шақырымға, ерлер арасында 40 шақырымға велошерумен жалғасты. Жарыстың соңғы күнінде де жеңімпаздар анықталды.
Ерлер арасында бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан келген Александр Семенов, екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан Даниил Пронский, үшінші орынды Алматы облысынан келген Үркен Сламжанов иеленді. Әйелдер арасында 1-орын нұр-сұлтандық Марина Кузьминаға, 2-орынға Алматы облысынан Оссим Акпейл, 3-орынға Шығыс Қазақстан облысынан келген Кристина Стужук лайық деп танылды.
Айта кету керек, спортшылар аптасына 9–10 сағат қарқынды дайындалды, яғни аптасына 6 күн жаттығу жасап, 1 күн демалды. Орташа алғанда, апта ішінде бір жаттығу бір сағаттан екі сағатқа дейін созылады, демалыс күні спортшылар шамамен 3 сатты жаттығуға арнады.