Оның ішінде 15 қоқыс тасушы жүргізуші мен қосалқы жұмысшы бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олар жалақыларын 70 пайызға көтеруді талап еткенімен жазбаша талаптарын бермеген. Жағдайға компания басшылығы түсініктеме берді.
«Олар орташадан жоғары жалақы алады – кейбірінің жалақысы 250 000 теңгеден жоғары, көпшілігінің жалақысы 200 000 теңге шамасында. Мен оларды бірнеше рет жинадым, әсіресе аймақта көптеген ереуілдер болған кезде. Сосын жалақыны көтеруді және бес күндік мерзім беруді талап етті, бірақ біз екі күн демалысқа қаладан шыға алмаймыз. Кейбір жүргізушілер бүгінде желіде жұмыс істейді, қоқыс шығарады, осы үшін оларды марапаттауды жоспарлап отырмыз. Ал бұл топ негізсіз, себепсіз демалуға шешім қабылдады. Әзірге ешкім жұмыстан шығарылған жоқ», - деді компания басшылығы.