Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірге үйлердің және ғимараттардың қабырғасындағы есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффити жазуларды өшірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты жастар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға ПД кинологиялық қызмет орталығының арнайы иттерімен жұмыс істейтін қызметкерлері де қатысты.
Рейд барысында Ақтау қаласы бойынша сатуға тыйым салынған жарнамасы бар 110-ға жуық жазба жойылды.