©
Жыл басынан бері есірткі қылмысының 80 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 240 келіден астам есірткі заты тәркіленіп, 2 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы халықпен есеп беру кездесуінде облыстық ПД басшысы Аян Дүйсенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі қылмысымен күресте есірткіні сату, жарнамалау және транзиттеу фактілерін анықтауға баса назар аударылады. Сонымен қатар, интернет үнемі бақыланады. Нәтижесінде интернетте есірткіні жарнамалайтын 110 сайт бұғатталды.