Облыстық басқарманың үш басшысы өз еркімен қызметінен кетті, осыған байланысты бос лауазымдарға орналасуға конкурс жарияланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осылайша, Маңғыстау облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы және Маңғыстау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды. Сонымен қатар, облыстық туризм басқармасының басшысы лауазымына конкурс жарияланды.
Барлық тілек білдірушілер және критерийлерге сәйкес келетіндер бос орындарға орналасу конкурсына қатысуға шақырылады.