Шахмат фестивалін Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен «Дебют» шахмат орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Фестиваль аясында уақыты әртүрлі бақылауда болған үш турнир өтті. 21-25 наурыз аралығында «Open Classic», 26 наурызда «Open Rapid», ал 27 наурызда «Open Blitz» бойынша шахматшылар өзара сынға түсті.
Әр турнирде 3 негізгі және 7 ынталандыру ақшалай жүлде ойнатылды. Фестивальдің жүлде қоры 1,8 млн теңгені құрады.
«Open Classic» турнирінің қорытындысы бойынша бірінші орынды Илья Моисеенко (Ақтау қ.), екінші орынды Алдияр Аңсат (Астана қ.) және үшінші орынды Ален Рақымжан (Алматы облысы) иеленді.
«Open Rapid» турнирінің қорытындысы:
1-орын Алдияр Аңсат (Астана қ.)
2-орын Ален Рақымжан (Алматы облысы)
3-орын Мұрат Омаров (Ақтау қ.)
«Open Blitz» турнирінің қорытындысы:
1-орын Ален Рахымжан (Алматы облысы)
2-орын Алдияр Ансат (Астана қ.)
3-орын Шыңғыс Боран (Атырау қ.).
Бір апта ішінде фестиваль аясында бірнеше іс-шара өтті. ФИДЕ шебері Ален Рақымжан «дебюттік апат» тақырыбында қызықты-практикалық дәріс өткізді.
Одан кейін халықаралық спорт шебері Алдияр Аңсатпен 12 тақтада бір мезгілді ойын сеансы өтті. Фестиваль қатысушылары мен қонақтары «Квиз» зияткерлік ойынына қатысты. Фестивальдің соңғы аккорды турнир залынан тыс кездесу болды, онда шахматшылар шахмат фигураларын футбол добына ауыстырды.
Келесі «Aktau April Chess Week» фестивалі 18 сәуірде басталып, 24 сәуірге дейін жалғасады.