Биыл пітір садақа мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Бұл туралы елордада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде белгілі болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚМДБ сілтеме жасап.
Төралқа мәжілісінде наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір мөлшері республика бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасы негізінде бекітілгенін айтты.
Пітір садақаның мөлшері ел бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.