© Фото видеодан скриншот
Жармыш ауылында қыз-келіншектер арқан тартысып, қол күрестен жарыс өткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әлеуметтік желіде ұлттық киім киген қыз-келіншектердің арқан тартысып жатқан видеосы таралып кеткен болатын.
Фото видеодан скриншот
Аталған видео Маңғыстау аудандық білім бөлімінің "Жармыш жалпы білім беретін мектепте" түсірілген. Яғни, мұғалімдер Наурыз мерекесіне орай "Амал келді,жыл келді!" атты шара ұйымдастырған.
Негізгі мақсаты - салт-дәстүр, ұлттық ойындарды насихаттау.
Арқан тартыстан бөлек шарада мұғалімдер қамыр жайып, бәдік айтысын өткізіп, ұршық иірді. Тартысқа толы әрі тұрғындар талқысына түскен шарада жеңімпаз атанғандар марапатқа ие болды.