Жетібай кентінде әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге арналған 100 текше метрлік кәріз тазарту қондырғысы іске қосылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда бұл бөлімшені сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Мұнайшы ауылында жекеменшік кәріз қондырғысына дейін кәріз жүйесін орнату және іске қосу тарифін бекіту жұмыстары жүріп жатыр.
Бұған дейін Құрық ауылына кәріз жүйесі тартылып, тәулігіне 200 текше метрге дейін тазартатын құрылыстар іске қосылды.