Қыз-келіншектер 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданаралық және қалалық қоғамдық көлікте тегін жүре алады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
8 наурыз күні 103, 104, 105, 106, 107, Ақтау-Қызылтөбе-2-Ақтау, Ақтау-Батыр-Ақтау, Сайын Шапағатов-Ақтау» және қалалық №1, 2, 3, 4, 4M, 5, 7 және 8 бағыттағы автобустары күні бойы тегін қатынайды.