Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 2021 жылдың күзінде шақырылған Бақытұлы Саят Аэро-десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің әскерлік қоян-қолтық ұрыс сайысында үшінші орынға ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарыста Жоғарғы Бас қолбасшының кубогы сарапқа салынды. Қолбасшы әскерге шақырылған сарбаздың әуе-шабуылдаушы әскерлерінің белсенді әскери қызметшілері арасынан үшінші орын алуы өте жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.
Осы жеңісі үшін қатардағы жауынгерге қысқа мерзімді демалыс берілді.
Айта кетейік, Саят Бақытұлы киокушинкай каратэден әлем чемпионы. 2018 жылы ол Бакуде өткен әлем чемпионатында алтын медаль алған. Ол кезде жарысқа 22 елден келген спортшылармен бақ сынасқан еді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА