Маңғыстаудағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында коронавирустық инфекциясы бар науқастарға арналған 105 мобильді бригада жұмылдырылған. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев хабарлады.
Оның айтуынша, жалпы облыс бойынша жедел жәрдем қызметінде 53 бригада жұмыс атқаруда, резервте – 16 бригада тұр.
-Бір күнде 530 шақырту түскен, оның ішінде КВИ – 1, пневмония – 8, ОРВИ - 38. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелері деңгейінде 398 КВИ ауруы оқшауланған. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында коронавирустық инфекциясы бар науқастарға арналған 105 мобильді бригада жұмылдырылды, 48 мобильді бригада резервте тұр. БМСК 478 учаскеге - 466 жалпы тәжірибелік дәрігер мен 1557 орта медициналық персонал тартылса, резервте тар профильді мамандардан 44 дәрігер мен 157 орта медициналық персонал бар. Облыста ересектерге 41, жүкті әйелдерге 27, балаларға 26 сүзгі орнатылған,-деді Асқар Сағымбаев.
Облыста 21 емханада ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 25 316 адам өтті. Оның ішінде 5214 медицина қызметкері, 597 мемлекеттік қызметкер, 4114 күш құрылым қызметкерлері, 1325 өндіріс қызметкері, 815 вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлер, 3917 педагог, 206 халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері, 221 сауда кәсіпорын қызметкерлері, 29 БАҚ өкілдері, 196 жүкті әйел, 491 – 60 жастан жоғары, 53 участкелік полиция қызметкерері, 585 студент және 7 мыңнан астам адам екпе алды.