Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрәділ Иманғалиев хабарлады.
- Жалпы, өткен жылы өңірге 627,1 млрд. теңге инвестиция тартылған еді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ке артық. Ал, жеке инвестициялар көлемі 2021 жылы 12 айда 567,3 млрд. теңгені құрады. Жақсы көрсеткішке қол жеткізуге мұнай-газ саласындағы мекемелер, туризм саласындағы жобаларды іске асыру, коммерциялық және тұрғын үй ғимараттарын құрылысы және басқалар инвестициялардың салуы ықпал етті. Атап айтсақ, инвестициялардың 54%-ін өнеркәсіп құрайды; 21% - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар; 10,4% - Көлік және қоймалау; 4,3% - өнер және ойын-сауық; 2,8% - құрылыс; 2,6% - тұру және тамақтану бойынша қызметтер; 4,7% - қалғаны жатады, - деді Нұрәділ Иманғалиев.
Спикердің айтуынша, тартылған инвестициялар арқасында 2021 жылы шамамен 150 млрд.теңге сомасына 20-дан астам жоба іске қосылып, 1000-нан астам жұмыс орны құрылған.
Оның ішінде келесі жобаларды атап өтуге болады:
«Ақтау-Агро» құс фабрикасы,
«TETHYS AKTAU» II «Тақырыптық ойын-сауық паркі»,
«Жаңа құбыр технологиялары» ЖШС «Сыртқы құбырларды оқшаулау зауыты» (1 – кезең) және т.б.
Ал, осы жылы экономиканың түрлі салаларында 2 000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құра отырып, шамамен 150 млрд.теңге сомаға 20 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.