Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрәділ Иманғалиев хабарлады.
Оның айтуынша, 2021 жылдың 9 айында 220 мыңнан астам турист аймаққа келген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге ұлғайған (106 мың).
- Көрсеткіштің артуы арқылы ішкі туризм дамып келеді. Мәселен, 5,7 млрд.теңгеге қызмет көрсетілген, бұл да 2020 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артып отыр.
Өңірдегі қонақ үйдегі, демалыс базаларындағы орындар 7 мыңға жетті, 3%-ке артты. Жалпы, 2004 және 2020 жыл аралығында Маңғыстауға 2,5 млн.адам келген, - деді Нұрәділ Иманғалиев.
Сонымен қатар, облыс бойынша 44 туристік фирма қызмет етеді. Оның ішінде 20-туроператор, 24-турагенттер. Барлығы 9 оператормен 167 маршрут құрылған.
Жоспарға тоқталатын болсақ, 2025 жылға дейін туризм саласында 16 жоба іске асырылады деп жоспарланған. Осылайша, туризм бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде өңірге 2025 жылы 400 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде.
- Жалпы, туризм саласының ілгерілету бойынша әлеуметтік желіде, әсіресе, ютубта имиджік бейнероликтер көбірек жасауға назар аударамыз. Ақтау – заманауи курорттық аймаққа айналуы тиіс. Жағалауды қазіргі уақытта сумен жабдықтау, электр, газбен жабдықтау жүргізілуде. Жылы жағажай аймағында гольф-отель, сауда қатарлары, вилла-апартаменттер, жергілікті кәсіпкерлермен бір қатар конақ үй кешендері салынбақ, - деді басқарма басшысының орынбасары.