Облыс әкімдігінің телеграмм каналына Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылының тұрғыны аталған елді мекеннің 5-ші көшесіндегі жарық шамдары түнгі мезгілде жанбайтыны жайлы жазып, жауапты мекеме аталған мәселенің шешімін тапса деген өтініш білдірген болатын. Тұрғынның шағымына жауаптылар дер кезінде жауап беріп, аталған мәселенің шешілу барысы туралы хабардар етті,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығы.
Атамекен ауылының әкімі Нұрхан Мұстафаевтың айтуынша, ақпан айының аяғына дейін ауылда істен шыққан көше жарық шамдарын толықтай ауыстыру жүргізіледі.
СНХ: Динара Шыңғысхан, МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ ақпарат және брифинг ұйымдастыру бөлімінің маманы
-Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram каналына келген Атамекен ауылы тұрғындарының шағымына орай елдімекендегі түнгі мезгілде жарықтандыру мәселесі оң шешімін табатыны белгілі болды. Жалпы, облыс әкімдігінің телеграм каналы тұрғындардың кез-келген қордаланған мәселесін айтып, жедел түрде жауабын алатын алаңға айналған. Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің телеграм каналына 3 855 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 3 826 сұраққа жауап берілді. Телеграмм каналға 8 900 адам тіркелген.