Маңғыстау облысында космомониторинг жобасы аясында 2021 жылы 303 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов хабарлады.
-Жалпы, 2020-2021 жылдары аудан әкімдіктері арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2 млн. 247 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 445 тұлғаға жерді мақсатына сай пайдалану жөнінде ескертулер берілді. Сонымен бірге, басқарма қорғаныс қажеттілігі үшін Мұнайлы ауданындағы Қызылқұм жеріндегі көлемі 2000 гектар болатын 18 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізуде. Осы жерлердің 1742 гектар болатын 12 жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған 1 жер учаскесі сотта қаралуда,-деді Есемұрат Дүзмағамбетов.