2021 жылы облыстағы өрттердің жалпы санын ескере отырып, бізде автокөлік құралдарында 33% (немесе 87 өрт) құрап отыр.
Автокөлікте өрттердің пайда болуының негізгі себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады – 69 жағдай, бұл 79%-ды құрайды және қасақана жағу – 13 жағдай, бұл 15%-ды құрайды.
Автокөліктегі өрттердің басым көпшілігінде жеңіл автомобильдер болып табылады – бұл жалпы санның 72% құрайды.
Сонымен қатар, аралас отын түрін пайдалану түрі бойынша Маңғыстау облысы республика бойынша алдыңғы қатарда. Яғни, газ мотор отыны ретінде барлық жерде қолданылады. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында тек ресми деректер бойынша 67 мың газбаллонды (сұйытылған және сығылған газбен) автомобиль тіркелген және олардың саны өсуде.
Жалпы, 2021 жылы өрттердің 80%-дан астамы газ баллон қондырғылары бар автокөліктерде болған.
Маңғыстау облысы ТЖД МӨББ жүргізушілерге автокөлікте өртті болдырмау үшін келесі шараларды сақтау керек екенін ескертеміз:
- автокөлікке уақытылы техникалық қызмет көрсету;
- барлық электр жабдықтарының жарамдылығын бақылау;
- капоттың астына жиі қарау және қозғалтқыштың отын аппаратурасының герметикалығына, сондай-ақ ақаусыздығына қарау.
Егер газ жанар жағар май ретінде пайдаланылса, онда газ жабдықтарын үнемі тексеріп отырыңыз. Әрқашан көліктің салонында өрт сөндіргішті ұстаңыз.