2021 жылы Маңғыстау облысында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы 351 250 бас малға препараттар егілді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаев хабарлады.
-Жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына, оның ішінде ұсақ мүйізді малдың брадзоты, анаэробты энтеротоксемиясы, мүйізді ұсақ малдың пастереллезы, ірі қара малдың, жылқының, түйенің, мүйізді ұсақ малды -сібір жарасына, мүйізді ұсақ малды күлге (түйені шешекке), ірі қара малының, түйенің туберкулезне, етқоректілердің эхинококкозы, түйенің обасы, құтыру ауруларына қарсы егу (вакцинациялау) іс-шараларының жоспарына сәйкес, 2021 жылы 351 250 бас малға препараттар егілді,-деді Бердібек Марқабаев.
Жалпы, өңірге 289 775 доза препарат тасымалдап жеткізілген. Облыс бойынша 128 442 малдың қан сынамалары қауіпті ауруларға қарсы тексерілген. Нәтижесінде жылқының лептоспироз ауруы – 1 ошақ тіркелді. Лептоспироз (Leptospirosis) - табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі, несепте қан мен терінің сарғайып, еттің жансыздануы, ішек-қарынның қызметі бұзылып, буаз малдың іш тастауы, төлді шала тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.