Маңғыстау облысының «Маңғыстауэнерго» МКК-ы, «Каспий» тұщыту зауыты» ЖШС-ы және «Маңғыстау жылу» МКК-ы сияқты бірқатар табиғи монополиялар субъектілерінде 2021 жылғы 31 желтоқсанда ұзақ мерзімді бес жылдық тарифтердің қолданылу мерзімі өтіп кетті және олар жаңа тарифті бекітуге өтінімдерді уақтылы ұсынған жоқ.
«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес, тарифтің қолданылу мерзімі өткен жағдайда, бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталған қаражатты (амортизациялық аударымдар мен пайданы) есепке алмастан, уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынады.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа шекті тариф енгізілгенге дейін уақытша тарифтерді уақытша енгізді, атап айтқанда:
- «Маңғыстауэнерго» МКК-ның электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне 2,29%-ға төмендетумен 1,28 теңге кВт/сағат (бұрын қолданылған тариф 1,31 теңге кВт/сағат) (ҚҚС-сыз) мөлшерінде.
- «Каспий» тұщыту зауыты» ЖШС-ның суды таратушы желiлер арқылы беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне 4,02%-ға төмендетумен174,10 теңге/м3 (бұрын 181,39 теңге/м3 тариф қолданылған) (ҚҚС-сыз) мөлшерінде.
- «Маңғыстау жылу» МКК-ның суды таратушы желiлер арқылы беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне орташа тарифке 3,69%-ға төмендетумен 323,50теңге/м3 (бұрын 335,89 теңге/м3 тарифі қолданылған), тұрғындар үшін тарифке 1,82%-ға төмендетумен 233,43 теңге/м3 (бұрын 237,75 теңге/м3 тарифі қолданылған), өзге тұтынушылар үшін тарифке 1,57%-ға төмендетумен 511,85 теңге/м3 (бұрын 520,01 теңге/м3 тарифі қолданылған) (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітті.
Сондай-ақ, 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін халық үшін реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеруге мораторий енгізілгенін еске салу қажет.