Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда қаңтардың 10-ынан бастап еліміздің өзге өңірлеріндегі ХҚО-лар қызмет көрсете бастады. Азаматтарға барлық қызмет түрі қолжетімді. Әзірге тек Жамбыл облысында паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу қызметі көрсетілмейді.
Байланыс сапасына қарай кейбір қызметтер ара-тұра қолжетімсіз болуы ықтимал екенін алдын ала ескертеміз.
Одан бөлек мамандандырылған ХҚО-лар әлі жұмыс істемейді. Олардың және Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бөлімдердің жұмыс істей бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Жұмыс жанданған өңірлердегі ХҚО-лардың жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Бұдан бұрын болған тәртіпсіздіктерге байланысты ХҚО-лар жұмысы тоқтатылған болатын.
Елімізде төтенше жағдай жарияланып, террорлық қатердің қызыл деңгейі енгізілді. Клиенттерімізді абай болуға шақырамыз.