Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел Тәуелсіздігінің арайлы ақ таңы атқанына биыл 30 жыл толып отыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халқымыз көптеген қиындықтарды бастан кешірді. Дегенмен, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біз заманауи,ашық, саяси дамыған мемлекетке айналдық. Бұл қоғамның басты құндылықтары бейбітшілік пен татулық, этносаралық және конфессияаралық келісім, азаттық пен теңдік екені баршаға мәлім. Заманауи Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды.
Бүгінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында жүйелі реформалар жүргізуде.
Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау барша қазақстандықтарға ортақ парыз!
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!
Ізгі тілекпен,
Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай