Қазір оқиға орнына қосымша 15 самосвал, 3 жүк тиегіш, 1 кран, 1 манипулятор, 1 экскаватор және жолдарды тазалауға 100 жұмысшы жұмылдырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Жарылыс кезінде зардап шеккен көліктер:
1. Toyota Yundra
2. Toyota Camry 55
3. Lexus RX 350
4. Toyota Camry 50
5. Nissan Primera
6. Daewoo Nexia
7. Kia Rio
8. Mitsubishi Galant
9. Kia sorento
10. Toyota Land Cruiser Prado 120.
Өрт сөндіру қызметінің мамандары 50 және 20 литрлік екі газ баллонын қауіпсіз қашықтыққа көшірді. Ал коммуналдық қызметтер 46 рет қоқыс шығарған. Қазіргі таңда барлығы 300 тонна қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар Ақтау қаласы әкімінің шешімімен 30 шақырым қашықтықта қалдықтарды жинау үшін полигон ұйымдастырылды. «Көктем» МКК Мұнайлы ауданы, Баянды ауылына ғимарат конструкцияларының сынықтарын шығарып жатыр. «Көктем» коммуналдық шаруашылығы сағат 08:00-ден бастап 110 тонна қоқыс шығаруға 17 рет жол тартқан.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА