Маңғыстау облысы «жасыл» аймақта орналасқан соң қаладағы балабақшалардың жұмыс уақыты кешкі 18:30-ға дейін ұзартылды. Бұл туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Тоты Құлметенова айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ақтау қаласындағы балабақшалар таңғы 8:00-ден кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Медицина қызметкері күн сайын балалардың температурасын өлшейді, сондай-ақ балабақша қызметкерлерін қадағалап, балалардың жағдайын бақылайды. Қазір әр топта 20-25 баладан бар. Маска режимі міндетті, балалар көп уақыт өткізетін жатын бөлмелері мен ойын бөлмелерінде желдету жүргізіледі», - дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Тоты Құлметенова.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Білім министрлігі балабақшалардың жұмыс режимі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін болатынын хабарлаған.