Ақтаулықтар енді коммуналдық мәселелер бойынша 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
27 шілдеде жұмысын бастаған 109 бірыңғай байланыс орталығына түскен шағымның көбі сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық қатты қалдықтар және электр энергиясы мәселесіне қатысты.
109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғындар мына мәселелер бойынша шағымдана алады:
Оқи отырыңыз: Ақтауда жеңіл атлетикадан турнир басталды
109 бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі Нұргүл Жеткізгенованың айтуынша, шілде айынан бері тұрғындардан 3878 шағым түссе, оның 3621-і орындалған. Қалғаны әлі аяқталмаған. Байланыс орталығы демалыссыз әрі үзіліссіз жұмыс істейді.
"Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, әрі қарай мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға немесе коммуналдық қызметтерге жолданады. Сонымен қатар, мамандар өтінімдердің орындалуы бойынша кері байланыс жасайды. Және тұрғын өзінің өтініші бойынша жұмыстың атқарылғандығын растайды. Егер тұрғын өтінішінің орындалмағанын растаса, операторлар бұл өтінішті тиісті органға үшін кері жібереді", - деді 109 бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі Нұргүл Жеткізгенова.
Тұрғындар 109 бірыңғай нөміріне қоңырау шалу (тегін) арқылы, “Smart Aktau” мобильді қосымшасы, @aktau109.kz Instagram және Facebook парақшасы арқылы, www.aktau109.kz сайты арқылы шағымдарын қалдыра