Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Пәния Сармурзина мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында 300 орындық клуб пен кітапхана, сондай-ақ Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылдық округінде 200 орындық клуб пен кітапхана салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталды. Ғимараттар жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде», - деді Пәния Сармурзина.
ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында балалар мен жасөспірімдерді шығармашылыққа, спортқа баулу туралы айтылған. Спикердің айтуынша, осы бағытта өңірде 4800 баланы шығармашылық тапсырыспен қамту жоспарланды. Бұл үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.
«Бүгінде Artsport.edu.kz порталына 96 шығармашық үйірме ұйымдастырушылар мен 4800 бала тіркелді. Қазір 3855 бала ақысыз үйірмелерге қатысып жүр. Үйірмелер 24 бағытта жұмыс істейді. Оның ішінде сурет, мүсіндеу, кестелеу, киім тігу, көркем сөз оқу, би, балет, құрақ тігу, шешендік өнер мен халық аспаптары бар. Сондай-ақ әлеуметтік тапсырыс аясында 2 жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл ақындар мектебі мен «Алтын оймақ» қолөнершілерді оқыту», - деді Пәния Сармурзина.