Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Коронавирус инфекциясы бойынша соңғы 2 аптадағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталайық. Өңірде 16-22 қыркүйек аралығында қауіпті індетке шалдыққан 167 науқас тіркелсе, 23-29 қыркүйек аралығында 96 жағдай тіркелді. Ал, соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам тіркелді. Оның ішінде Ақтау қаласында 11, Мұнайлыда 2, Қарақия, Маңғыстау, Бейнеуде 1 жағдайдан тіркелді. Маңғыстау «дасыл» аймаққа енді. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Қауіп әлі де бар», деді Ғазиз Надуев.