Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша «Маңғыстау облысының әкімдігі» деп аталатын жаңа Telegram чат-канал құрылды. Онда кез-келген адам өңірдің мемлекеттік қызметкерлеріне сұрақ қоя алады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Чат-каналға мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, барлық деңгейдегі әкімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары және т. б. қосылады. Сауалды кез келген тұрғын жолдай алады. Жауап 1-2 жұмыс күні ішінде беріледі. Сондай-ақ чат-каналдағы қарым-қатынаста мәдени этика сақталуы тиіс. Тұрғындардан сөйлеу этикасын сақтауды және бейәдеп сөздерді қолданбауды сұраймыз, делінген хабарламада.
Чат-каналға https://t.me/mangystauakimat сілтеме арқылы қосылуға болады.