Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Құрметті маңғыстаулықтар! Қадірлі ақтаулықтар!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің, жергілікті дін қызметкерлерінің және өзімнің атымнан сіздерді Ақтау қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің ең әсем қалаларының бірі ретінде Ақтау өз тұрғындарының өмірін ұйымдастыру мен жайлы етудің тамаша үлгілерін көрсете отырып, заманға сай дамып, өсіп-өркендеп келеді. Бұл қала архитектурасының, абаттануының, азаматтарының өмірі сүру сапасының артуы және т.б.
Бүгін күні бәрімізге ортақ, қайталанбайтын, бірегей қала тарихы жазылуда. Осы жауапкершілікті сезініп қана қоймай, күш-жігерімізді, білімімізді, әлеуетімізді баршамыздың ортақ ісіміз – қаламыздың қалыптасуы мен өркендеуіне бағыттау қажет.
Қалалар мешіттерімен көрікті. Мешіттеріміздің азаны қала халқының жақсылығы мен берекесінің артуына себепші. Имамдарымыз да ерінбей еңбек етіп, бойларындағы бар қажыр-қайраттарын қала тұрғындарының игілігі үшін жұмсауда.
Құттықтау сөзімді Ибраһим пайғамбардың (а.с.) дұғасымен аяқтағым келеді: «Уа, Раббым! Бұл жерге құт-береке дарытып, өзіңнің кеңшілігіңмен басқа жұрттан артық еткейсің. Адамдардың жүрегі баруға құлшынып тұратын киелі мекенге айналдырғайсың. Тілегімді қабыл ала көр». Әмин!
Қала күні құтты болсын, ағайын!
Әнуар қажы Ізімбайұлы,
Маңғыстау облысының бас имамы