Жақында өңірде әлеуметтік аз қамтылған 116 отбасының үйіне газоанализатор құрылғысын орнату жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, аталған жұмыстарды «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесі және №8 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері атқарып жатыр.
Сонымен қатар жұмыс барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау және жылыту қазандықтарын ережеге сай қолдануды түсіндіріп, жадынамалар таратты.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА