Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Өңірге Синофарм компаниясының 10 мың дана «Vero cell» вакцинасы келді. Өндіруші елі – Қытай. Бұл вакцина ел Үкіметінің №850 қаулысымен бекітілген COVID-19-ға қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес уақытша мемлекеттік тіркеуден өтті. Препарат 18 жастан асқан адамдарда COVID-19 алдын алу үшін белсенді иммундауға арналған. Препарат бұлшықет ішіне 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен 0,5 мл-ден екі дозамен енгізіледі. Облыс тұрғындарына вакцина салуға құжаттар толтырылғасын ғана басталады», - деді Ғазиз Надуев.
Жалпы Маңғыстауда коронавирус инфекциясына қарсы екпе алу көрсеткіші төмен.
Облыс көлемінде 18 тамызға дейін 1 компонентпен 127 237, 2 компонентпен – 87 974 адам егілді.