Мобильді топ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге коронавирус инфекциясына қарсы екпені үйден салады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Әлеуметтік осал топтағы және созылмалы ауруы бар адамдарға екпе салу жұмысы үйден жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, 1 күннің ішінде 51 адам екпе алды. Оның алдыңғы күні 3 адам алған. Әрбір емханада қосымша жылжымалы бригадалар ұйымдастырылып, сол бағыттағы жұмысты күшейтіп жатырмыз. Алғашқы күні 3 бригада құрылған. Келесі күні 7 бригада жұмыс істеді. Алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету жекеменшік немесе мемлекеттік мекемелердің барлығында мүмкіншілік бар. Қажетті жағдайда әрбір мекемеден бригадалар дайын. Бүгінгі күні барлық мекемелер осы бағыттағы жұмысты жалғастырып жатыр», - деді Аманбек Жұмыров.