Жақында Достық үй ғимаратында қайырымдылық жандар мен еріктілердің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасыларға арналған "Қуанышты күн" қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды және ата-аналарын әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға тарту және оларға көңіл бөлу, қуаныш сыйлау.
Акция аясында Салтанат Исмаилова балаларға тегін емдік массаж жасады, Маңғыстау облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ММ-нің өкілдері балалармен жаттығулар жасап, бояулармен сурет салды, сондай-ақ олармен қызықты ойындар ойнап, сыйлықтар таратты.
Жиын соңында Ақтау қаласындағы "Бекет-ата" қалалық мешіті ұсынған дәмді тағамдардан дәм татты.
Бұл акция әр айдың соңғы жұмасында өтеді. Осылайша қайырымды жандар балаларға жағымды эмоциялар мен бақытты күн сыйлады. Өз кезегінде бүлдіршіндер мен олардың аналары алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, "Қуанышты күн" акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "30 игі іс" акциясы аясында ұйымдастырылды.