Ақтауда 12 шағынауданда орналасқан Тобанияз Әлниязұлына арналған ескерткіш аумағында қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған жұмыстар аясында алаңдағы қиыр тас ауыстырылып, ескерткіштің постаменті орнатылады. Сонымен қатар, қоғам қайраткеріне арналған ескерткіш жаңасымен ауыстырылмақ.
Аталған жұмыстар екі айдың көлемінде аяқталады деп жоспарланған.