Жуырда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті онлайн форматтағы отырысы болып өтті.
Күн тәртібіне сәйкес қаралған мәселе құқық қорғау органының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысы негізінде қозғалған Бейнеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғасына қатысты тәртіптік іс.
Тәртіптік істің мазмұнында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан қолданыстағы салық заңнамасын бұзу деректері бойынша тиісті айыппұлдарды өндірмегені,хабарламалардың мерзімінде орындалмауы деректері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мерзімінде қозғалмағаны баяндалған.
Әдеп кеңесінің мүшелері іс құжаттарын зерделей отырып, Бейнеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғасының тарапынан Салық кодексінің талаптары дұрыс талқыланбағаны, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға берілген бес жыл мерзімді хаттама толтыруға берілген мерзім деп қате түсінуі, әкімшілік хаттаманың дереу толтырылуына тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін, Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.