Жаз мезгіліне орай Алматы-2 вокзалынан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүреді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз кезіндегі сұраныстың артуына байланысты Алматы-2 – Маңғыстау» бағытындағы №287/288 және «Алматы-2 – Семей» бағытындағы №477/478 коммерциялық жолаушылар пойызы жүретінін хабарлайды. №287/288 пойызы 2021 жылғы 21 шілдеден бастап, ал, №477/478 пойызы 2021 жылғы 23 шілдеден бастап Алматы-2 станциясынан аптасына бір рет қатынайды.
Ұлттық тасымалдаушы билеттерді BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді өтінеді. Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парақшасы» функционалын пайдалануға болады.
Сонымен қатар карантин режиміне байланысты жолға шыққанда және вокзалдарға кіріп-шыққанда маска тағу міндетті.