Маңғыстау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиынға мәслихаттың хатшысы Н. Тумышев, фракция мүшелері қатысты.
Фракция жетекшісі Е.Әбілов фракцияның 2021 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарларды баяндады.
Биыл I жартыжылдықта Маңғыстау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 6 отырысы өтіп, белгіленген жоспарға сәйкес өзекті мәселелер қаралды.
Маңғыстау облысы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы бойынша 2021 жылы 112 шара, 20 индикатор орындалуы тиіс. Сайлауалды бағдарлама бойынша Жол картасының жүзеге асырылуын қадағалау үшін филиал жанынан 12 кеңес құрылып, аталған іс-шаралардың орындалысы бойынша басқарма басшыларының есептері тыңдалды, - деді фракция жетекшісі Е. Әбілов.
Өткен отырыстарда ауа райының қолайсыздығынынан туындаған мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз ету, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, коронавирус індетінің алдын алу шаралары, оқушылардың оқу форматы, 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің, жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылуы туралы мәселелер қаралды. Облыс әкімінің орынбасарларының, басқарма басшыларының осы бағыттағы жұмыстары тыңдалып, әлеуметтік желіде жарияланған осындай халықтың көкейтесті мәселелері бойынша атқарушы органдарға ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Фракция мүшелері 6 ай ішінде азаматтарды қабылдауды тұрақты жүргізді. Жыл басынан бері 45 қабылдау өткізіліп, 150 азаматтың өтініші қаралды. Оның ішінде 68 мәселе оң шешімін тауып, 62 мәселе бойынша кеңес берілді. Партияның қоғамдық қабылдаулары, Фракция отырыстары әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялануда.
Фракция жетекшісі Е. Әбілов алдымыздғы тамыз айынан бастап партия депутаттардың қызметін бағалаудың электронды жүйесін іске қосатынын, бұл депутаттардың қызмет деңгейін ашық көрсететінін атап көрсетті.
Осыған байланысты депутаттардың қоғамдық жұмыстағы белсенділігінің артатынына сенім білдірді.